Қазақстан Тараз

911 подписчиков
«Қазақстан-Тараз» телеарнасының тарихынан. 20 ғасырдан астам тағылымды тарихы бар Әулиеата өңірінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға – облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды десек артық айтқандық емес. Біріншіден, Жамбыл теледидары республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым болды. Сөйтіп 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна араға алты күн салып барып, орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді. Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. Себебі, одан арыға мүмкіншілік болмады. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Сонымен қатар, телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту алға қойылған басты мақсаттардың бірі болды. Алғашқы кезде негізінен хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай толық күрделі жөндеуден өткізіліп және техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға басыбайлы берілді. Сонымен қатар Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ Соның нәтижесінде жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін күнсайынғы /сенбі,жексенбіден басқа күндері / эфир уақыты бір сағатқа ұзартылды.«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының /»Қазақстан-Тараз» телеарнасының / қазіргі апталық эфирлік уақытының көлемі 98 сағат, жалпы тәуліктегі көрсетілімі 14 сағат. Телеберілімдерге жүргізілген апталық және тәуліктік мониторингі көрсеткендей , эфир уақытының тілдік арақатынасының сақталуы Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы заңына» сәйкес келеді.Яғни, мемлекеттік тілдегі хабарлардың үлес салмағы 60-70 пайыз шамасында, ал орыс тіліндегі көрсетілімдердің көлемі 30- 40 пайызды құрайды. Филиал басшылығы бекіткен хабар тарату кестесі бойынша мемлекеттік тілде жарық көретін материалдардың жариялану уақыты және көлемі тұрақты түрде сақталынады. Қазіргі таңда «Қазақстан-Тараз» телеарнасында барлығы 76 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 85 пайызы жоғары білімді.10 пайызы орта арнаулы оқу орындарын бітіргендер. Өткен 2009 жылды филиал 3 миллион 410 мың теңге таза табыспен аяқтады. Телеарнаның «Қазақстан» ұлттық арнасының телехабартаратқыштары арқылы бір сағаттық көрсетілімдерінің облыс елді мекендерін қамту көлемі 86 пайызды құрайды.Өкінішке орай «Қазақстан», «Қазақстан-Тараз» телеарналар
Название
Қазақстан Тараз
Статус
Сиясы кетпеген жаңалықтар, тек сіздер ушін,Ауле-Ата халқы !Сіздермен 25 жыл біргеміз!
Страна
Информация скрыта или не указана
Город
Информация скрыта или не указана
Url
taraznews
Id
77313615
Тематика
Открытая группа
Вики страница
Не установлена
Сайт
Блокировка
Нет ограничений
Видимость
Открытая
Верификация
Группа не верифицирована администрацией Вконтакте
Популярность
У группы нет огня Прометея
Тип
Группа
Возрастные ограничения
Нет
Стена
Ограниченная
Контакты

Подписчики

Возраст:

Дата рождения

Семейное положение: