Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

15 подписчиков
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасамыз. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді.
Название
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Статус
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары тіркелеміз!!!
Страна
Казахстан
Город
Атырау
Url
club85106807
Id
85106807
Тематика
Открытая группа
Вики страница
Не установлена
Сайт
Блокировка
Нет ограничений
Видимость
Открытая
Верификация
Группа не верифицирована администрацией Вконтакте
Популярность
У группы нет огня Прометея
Тип
Группа
Возрастные ограничения
Нет
Стена
Открытая
Контакты

Подписчики

Возраст:

Дата рождения

Семейное положение: