S №11 | Eszhan Berlikozhauly

426 подписчиков
Қош келдіңіз! #11 орта мектебінің ресми парақшасы ✔ Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп - өзіндік тарихы бар білім ошағы. 1933 жылы Еркін ауылында бастауыш мектептің іргесі қаланды. 1934 жылы бастауыш мектеп жанынан мектеп интернат ашылды. 1939 жылы сегізжылдық мектеп болып ашылып, 1972 жылы орта мектеп болды. 1981жылы Еркін орта мектебі «Көктал» шағын ауданына орналасқан жаңа типті ғимаратқа көшті. 1992 жылы Еркін ауылының тұрғыны, Қызыл Ту орденінің иегері Есжан Берліқожаұлының есімі берілді. 2016 жылы мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде мектепте 1300 ден астам оқушы білім алады. Мектепті 2017 жылдан бері Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкәрімқызы басқарып келеді. Білім мекемесі 05 тамыз 2014 жыл – Алматы облысы, Талдықорған қаласының Әкімдігінің Қаулысы № 28-831 ««Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді. Мемлекеттік лицензия №15001103, берілген уақыты 22.01.2015ж. Мектептегі оқушылар саны -1222+146 Сыныптар саны - 60 Сыныптағы оқушылардың орташа тығыздығы -22,8 Мектепте оқыту 2 ауысымда жүргізіледі. Мектептің жалпы ауданы 5364,3 ш.м., пайдалы ауданы - 3666,1 ш.м., оқу бөлмелерінің ауданы –2525,9 ш.м. Оқушылардың жалпы санына шаққанда бір оқушыға 4,3 ш.м. Мектептің пайдалы алаңы санитарлық, тазалық, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына және білім берудің жалпы талаптарының орындалуын қанағаттандырады. Мектепте 39 оқу кабинеті бар, сонымен қатар оқу өндірістік екі ағаш өңдеу шеберханасы, қыздар тобына арналған сыныптары үй шаруасын жүргізу технологиясына арналған сынып бөлмесі , мектепалды даярлық топтарының оқу сыныптары оқу - өндірістік құрал - жабдықтарымен санитарлық – гигиеналық нормаларға сәйкес жабдықталған. Сонымен қатар мектепте 282,0 ш.м спорт залы спорттық инвентарлармен қамтамасыз етілген. Мектепте 80 орынға арналған 296,8 ш.м ауданы бар асхана (арендаторы) мен дәрігерлік пункт орналасқан. Жаңа модификациялы физика, химия, биология, лингофонды – мультимедиялық кабинет бар.. Мектептің барлық оқу кабинеттері, кітапхана, дәрігерлік пункт, дәліздер ИНТЕРНЕТ желісіне қосылған. Өрт, төтенше жағдайларға байланысты дабыл қоңыраулары, бақылау камералары орнатылған. Жаңа модификациялы физика, химия, биология, лингофонды – мультимедиялық кабинет бар.. Мектептің барлық оқу кабинеттері, кітапхана, дәрігерлік пункт, дәліздер ИНТЕРНЕТ желісіне қосылған. Өрт, төтенше жағдайларға байланысты дабыл қоңыраулары, бақылау камералары орнатылған.
Название
S №11 | Eszhan Berlikozhauly
Статус
?? K.Z Taldykorgan City, School №11 ?
Страна
Казахстан
Город
Талдыкорган
Url
11mektep_koktal
Id
164933698
Тематика
Образование
Вики страница
Не установлена
Сайт
http://11-taldyk.mektebi.kz/
Адрес
School №11 | Official page, Талдыкорган, Казахстан
Блокировка
Нет ограничений
Видимость
Открытая
Верификация
Группа не верифицирована администрацией Вконтакте
Популярность
У группы нет огня Прометея
Тип
Публичная страница
Возрастные ограничения
Нет
Стена
Ограниченная
Контакты

Возраст:

Дата рождения

Семейное положение: